Saginov Technical University Басқарма мүшесі – Цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Амиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарланған іс-шаралар аясында профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Атап айтқанда, іс-шарада адами фактордың ықпалын барынша төмендету, қолмен жасалатын манипуляцияларды болдырмау және цифрлық ізді қалыптастыру мақсатында электрондық жүйелерді енгізу мәселелері қарастырылды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетігі болып табылады.
Семинар қорытындысы бойынша аталған бағыттағы жұмыстардың жалғасатыны және Университет басшылығының тұрақты бақылауында болатыны атап өтілді.

