«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (жалғыз акционер) қабылдаған шешімі туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар:
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 22.12.2025 жылғы №581 бұйрығымен:
- «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» директорлар кеңесінің (бұдан әрі — қоғам) саны 6 (алты) мүше сандық құрамы анықталды;
- Қоғамның Директорлар кеңесі келесі құрамда сайланды:
Рахымжанов Арман Берікұлы — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директорының орынбасары;
Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмысы жөніндегі басқарма басшысы (келісім бойынша);
Сагинтаева Сауле Саветовна – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры;
Оспанов Ерлан Маратұлы – «Сары-Арқа әуежайы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор (келісім бойынша);
Бәйменов Алихан Мұхамедұлы — Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басқарушы комитетінің Төрағасы, тәуелсіз директор (келісім бойынша);
Өтешова Анар Әбітайқызыы — International Coaches Union Kazakhstan мастер-коучы, тәуелсіз директор (келісім бойынша). - Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі анықталды — бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жыл.