Қарағанды қалалық «Оқушылар сарайы» өкілдері директор Елена Сайтарлының жетекшілігімен, орынбасары Марина Исаинова, бөлім меңгерушісі Гүлжан Ахметкаримова және қосымша білім беру педагогтарымен бірге университеттің білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысты.
Қонақтар «Өндірістік процестерді автоматтандыру», «Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» және «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедраларын аралап, ғылыми-зерттеу лабораториялары мен оқу орталықтарында қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Университет пен Оқушылар сарайы арасында жас инженерлік және техникалық бағдарлау, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту және мектеп оқушыларының нақты ғылымдар мен заманауи технологияларға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында келісім-шарт жасалған болатын. Ынтымақтастық болашақ инженерлерді, IT мамандарын және зерттеушілерді цифрлық және технологиялық трансформация жағдайында сұранысқа ие мамандар ретінде даярлауға бағытталған.







