Хабарландыру Ким А.С. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 – «Машина жасау» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Ким Анна Станиславовнаның «Қайта пайдалану үшін майлау-салқындату сұйықтығын ультрадыбыстық регенерациялау әдісін әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

  1. Мусина Жанара Керейовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Касенов Асылбек Жумабекович – техника ғылымдарының кандидаты, академиялық жұмыс жөніндегі проректор, «Су шаруашылығы және ирригация саласындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, Сәтбаев қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Юрченко Василий Викторович – PhD, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ;
  2. Бучинскас Витаутас – PhD, профессор, «Мехатроника, робототехника және цифрлық өндіріс» кафедрасының меңгерушісі, Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университеті, Вильнюс қ., Литва.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бестембек Ербол Серіқұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының меңгерушісі, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Иманбаев Ернат Бакытович – PhD, сервистік сапа жөніндегі директор, «Электровоз Курастыру Заводы» ЖШС, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
  3. Тошов Жавохир Буриевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, білім трансфері және өнеркәсіп салаларымен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы.

Қорғау: 2026 ж. 2 наурыз, сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» оқу бағдарламалары және 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте, 100027, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бірінші корпус, 236 ауд. мекенжайы бойынша өтеді. Қорғау Zoom платформасында (сәйкестендіру нөмірі 938 054 8821, кіру коды 1953) онлайн режимінде өтеді.

Сайт мекен-жайы: www.kstu.kz

Диссертацияның мазмұны бойынша бейресми пікірлерді қорғауға одан әрі ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Сулеев Бахтияр Данияровичке электрондық поштаға жіберу қажет, e-mail: b.suleev@ktu.edu.kz

Без рубрики