Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған білім беру қызметінде жасанды интеллектті қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Курс оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізуге бағытталды.
Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде, әрқайсысы 72 сағаттан тұратын үш ағым форматында ұйымдастырылды. Оқу қорытындысы бойынша 240 оқытушы курсты сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды. Курс бағдарламасына білім беруді цифрландыру және генеративті жасанды интеллект мәселелері, промпт-инжинирингтің базалық және кеңейтілген әдістері, оқу-әдістемелік материалдар мен презентациялар әзірлеуде жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және білім беру тәжірибесінде ИИ құралдарын пайдалану тақырыптары енгізілген. Сонымен қатар, қорытынды практикалық жобаны әзірлеу және қорғау қарастырылды. Оқытудың практикалық бағыттылығына ерекше назар аударылды. Қорытынды аттестация ретінде қатысушылар жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып әзірленген цифрлық сабақ және оқу курсын ұсынып, негізгі тақырыптар бойынша тестілеуден өтті.
ЖИ курстары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен жаңа біліктілік талаптарына сәйкес өткізіліп, университеттің білім беру сапасын арттыруға және заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне кеңінен енгізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

