Академиялық адалдық – ғылым мен білімдегі сенімнің тірегі


28 қаңтарда Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Б.Р. Нүсіпбеков және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.К. Қалыковтың қатысуымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп факультет декандары, тәрбие жұмысын жүзеге асыратын оқытушылар және «Саналы ұрпақ» студенттік клубының өкілдерінің  жұмыс отырысы өткізілді.

Іс-шара студенттік жастар мен профессор-оқытушылар құрамында адалдықты қалыптастыру және академиялық адалдық принциптерін енгізу мәселелеріне арналды.

Атап айтқанда, адалдықты қалыптастыру және академиялық адалдық принциптерін енгізу міндеттері нақты функциялар мен бизнес-процестерге бөліп қарау арқылы талқыланды, бұл стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Без рубрики