Қарағандыдан Кремний алқабына және Таяу Шығысқа: ғарыштық стартап жолы


Қазақстандық стартап АҚШ-тың ТОП-15 ғарыштық стартаптарына және Кремний алқабының Пало-Альто орталығының топ-5 стартаптарына қалай кірді? Қазақстанда әлемдік деңгейдегі спутниктік технологиялар қалай құрылады? Инженерлерге, зерттеушілерге және стартаперлерге қандай мүмкіндіктер ашылады?

Бұл туралы ғарыштық технологиялар, спутниктік байланыс және аса маңызды объектілердің мониторингі саласында шешімдер әзірлейтін SpaceLab компаниясының негізін қалаушылар Дәурен Әубәкіров пен Арман Бекембаев айтып береді.

SpaceLab – Қазақстанда, АҚШ-та, Африкада және Таяу Шығыс елдерінде пилоттық жобалары бар Astana Hub қатысушысы, Draper University (АҚШ), Plug and Play, Silkroad Innovation Hub акселераторларының түлегі.

Күні: 29 қаңтар 2026 жыл

Уақыты: 16:00

Өтетін жері: Н. Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, Business Skills Park

 

Без рубрики