Қазақстан, әлемнің көптеген елдері секілді, адамдардың әл‑ауқаты мен ғаламшарды қорғау үшін тұрақты энергетиканы дамытуға және таза энергия көздеріне көшуге өз міндеттемелерін айқындап отыр.
Халықаралық таза энергия күні тұрақты энергетикаға өту, қазба отыннан кезең‑кезеңмен бас тарту және жаңартылатын энергия көздерін кеңінен қолдану үшін бірлесіп әрекет етудің маңыздылығына назар аудартады.
Saginov Technical University ғалымдары, энергия үнемдеу бағытындағы зерттеулер мен білім беру жұмыстарына қатысу арқылы қоршаған ортаны сақтау мен тұрақты энергетикалық даму ісіне үлес қосып келеді.