«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауына еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысты. Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер, сондай-ақ оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды.
Сонымен қатар, оқытудың сапасына, үміткерлердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Нәтижесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 13 оқытушысы байқау жеңімпаздары қатарынан көрінді.
Біздің жеңімпаздар:
Ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 15 жылдан астам:
- Жаркевич Ольга Михайловна — «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;
- Саттарова Гульмира Сапаровна — «Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасының доцентінің м.а.;
- Исабек Тұяқ Көпейұлы — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының пофессоры, т.ғ.к.;
- Мадишева Рима Копбосынқызы — «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының доцентінің м.а.;
- Сулеев Бахтияр Даниярович — Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, PhD, қауымдастырылған профессор.;
- Куликов Виталий Юрьевич – «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;
- Рахимов Мурат Аманжолович – «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
- Квон Светлана Сергеевна -«Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының профессоры, т.ғ.к.;
- Зейтинова Шолпан Бекжигитовна — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD.;
Ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 15 жылдан аз:
- Маусымбаева Алия Думановна — «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к., PhD.;
- Рабатұлы Мұхаммедрахым — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының доцентінің м.а., PhD.;
- Мусин Айбек Абдукалыкович — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының доцентінің м.а., PhD.;
- Матаев Азамат Қалижанұлы — «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының доцентінің м.а., PhD.;
Бұл – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігі мен біліктілігінің айқын дәлелі.
2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген университетіміздің оқытушыларын шын жүректен құттықтаймыз!




