Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз:
Жумабекова Айла Ермековна – ПҚКӨ кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD – Пенсильвания штаты университетінде тағылымдамадан өтеді;
Халикова Эльвира Равиловна – ПҚКӨ кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD – Пенсильвания Университетінде тағылымдамадан өтеді;
Сәрсембеков Бауыржан Қобланұлы – КТжәнеЛЖ кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD – Пенсильвания штаты университетінде тағылымдамадан өтеді.
Шетелдегі ғылыми тағылымдама кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға және шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндік береді. Біз оқытушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз және тағылымдаманың сәтті, әрі нәтижелі болуын тілейміз!


