Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми кеңес отырысы өтті. Басқарма төрағасы – ректор Сауле Сагинтаева биылғы жыл академик, Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сағыновтың 110 жылдығымен ерекшеленгенін, сондай-ақ университет көптеген маңызды міндеттерді жүзеге асырғанын атап өтті.
Ғылыми кеңес университет қызметкерлеріне марапат тапсырудан басталды. Көпжылдық адал еңбегі мен мінсіз қызметі үшін 14 ардагерге «Социалистік Еңбек Ері, ҚР ҰҒА академигі Әбілқас Сағыновтың туғанына 110 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар ғалым атақтарының аттестаттары мен философия докторы (PhD) дипломдары берілді.
«Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы Мұхаммедрахым Рабатұлына, Алтынай Амангелдіқызына, Дмитрий Ожигинге және Светлана Ожигинаға берілді. «Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы Айдын Кернебаевқа тағайындалды. «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі Дамир Каюмовқа берілді.
Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаты облыстың қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысқаны ұшін Нурбиби Смагуловаға берілді, сондай-ақ Қарағанды облыстық Білім басқармасының құрмет грамотасы табысталды.
«Талап» КеАҚ Алғыс хаты кәсіптік білім беру жүйесінде жұмысшы мамандықтарын насихаттап, оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Гүлден Молдабекова марапатталды. Қарағанды облыстық Білім Басқармасынан жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі, қоғамдық жұмыстарда белсенділігі үшін Людмила Ванфутянға Ағыс хат берілді.
ҚарТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжі облыстық «Әрекет ету уақыты» форумында «Мен және өзін-өзі басқару» номинациясы бойынша 1 орынды иеленіп, диплом колледж басшысы Еркінжан Бекболатқызына табысталды.
Сондай-ақ 2025–2026 оқу жылына Jas Orda жастар бірлестігінің жаңа төрағасы, тау-кен факультетінің студенті Владимир Гержикті таныстырды.
Одан әрі Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жаңа және инновациялық білім беру бағдарламаларын оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету (баяндамашы – кітапхана директоры Б.О. Бейсембаева), бірінші курс докторанттарының диссертациялық тақырыптарын бекіту (баяндамашы – ғылым және инновациялар департаментінің директоры Б.Д. Сулеев), профессор ғылыми атағын беру туралы ұсыныстар және басқа да мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.
Ғылыми кеңес отырысын қорытындылай келе, ректор ұжымға жаңа жылда табыс және жемісті еңбек тіледі.



























