STU Директорлар кеңесінің мүшесімен кездесу


25 желтоқсанда STU Директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Оспановтың Қарағанды техникалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаевамен және Басқарма мүшелері – университет проректорларымен кездесуі өтті. Ерлан Оспанов «Сары-арқа» әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

Сондай-ақ университет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оның аясында Ерлан Оспанов оқу орталықтары мен зертханаларды аралап, университет ғалымдарының жобаларымен және студенттердің стараптарымен танысты.

Без рубрики