Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жалғыз акционер ретінде қабылдаған шешімге сәйкес «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамы айқындалды:
Байменов Әлихан Мұхамеджанұлы – мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының Басқарушы комитетінің төрағасы;
Рахимжанов Арман Берікұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директорының орынбасары;
Жайжуманова Әсемгүл Абайқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (КГИП) мемлекеттік қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы;
Сагинтаева Сауле Саветовна – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры;
Оспанов Ерлан Маратұлы – «Сары-арқа» әуежайы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;
Утешова Анар Абитайқызы – International Coaches Union Kazakhstan халықаралық коучтар одағының мастер-коучы.
25 желтоқсанда Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының Басқарушы комитетінің төрағасы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Байменов Әлихан Мұхамеджанұлы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Отырыс барысында университеттің дамуына бағытталған негізгі стратегиялық мәселелер талқыланды.