Университетте «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ өкілдерімен кездесу өтті
2025 жылғы 27 қарашада университеттің бас корпусында, 350-аудиторияда «Жайрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шара университет пен өнеркәсіптік кәсіпорын арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ болашақ түлектерді жұмысқа орналастыруға тартуға бағытталды.
Кездесуге металлургия және машина жасау факультетінің, сондай-ақ энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің білім алушылары қатысты.
Металлургия және машина жасау факультетінен «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламасы бойынша 1–4 курс білім алушылары шақырылды.
Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінен «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша 2–4 курс білім алушылары қатысты.
Кездесу барысында «Жайрем ГОК» АҚ өкілдері кәсіпорынның қызметі, өндірістік тәжірибеден өту шарттары және жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берді. Ерекше назар кәсіби құзыреттерді дамыту мәселелеріне, инженерлерге қойылатын заманауи талаптарға және кәсіпорындағы мансаптық өсу мүмкіндіктеріне аударылды.
Университетте Агенттіктің қаржы мониторингі бойынша үздік студенттермен кездесуі өтті.
2025 жылдың 24 қарашасында университеттің бас корпусында, 350-аудиторияда Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі өкілдерінің жоғары оқу орындарының үздік білім алушыларымен кездесуі өтті. Іс-шара Агенттіктің кадрлық резервін қалыптастыруға және талантты түлектерді қаржы мониторингі саласында жұмысқа тартуға бағытталды.
Кездесуге 2026 жылы оқуын аяқтайтын 4 курс білім алушылары қатысты. Олар келесі білім беру бағыттары бойынша оқиды: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «IT-менеджмент», «Инновациялық технологиялар», «Электроэнергетика», «Кәсіпорын экономикасы және менеджмент».
Ерекше назар университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне белсенді қатысатын, сондай-ақ цифрландыру, робототехника, стартаптар және шетел тілдеріне қатысты жобаларда өзін көрсеткен білім алушыларға аударылды.
Компания KAZ Minerals Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті студенттерімен кездесті.
Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде техникалық білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған іс-шара өтті.
17 қараша күні 2–3 курс студенттері үшін мына білім бағыттары бойынша қонақ дәрістері ұйымдастырылды:
–тау-кен ісі,
– металлургия,
– машина жасау,
– пайдалы қазбаларды байыту,
– бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы,
– технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша),
– электрэнергетика,
– машина жасау,
– көлік, көлік техникасы және технологиялары,
– автоматтандыру және басқару.
Компания өкілдері KAZ Minerals қызметі, өндірістік алаңдары, тағылымдама бағдарламалары және жас мамандарға арналған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Студенттер компания өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі заманауи үрдістер туралы ақпарат алды.
18 қараша күні осы бағыттардың 4-курс түлектерімен сұхбат-кездесулер өтті. Кездесулер барысында жұмысқа орналасу перспективалары, жас мамандарға қойылатын талаптар, практикадан өту ерекшеліктері және компаниядағы бейімделу мәселелері талқыланды.







