2025 жылғы 23 желтоқсанда «Адал-адам, адал-еңбек, адал-табыс» ұранымен өткен Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Мерекелік кештің көркін Инновациялық технологиялар колледжінің сбілім алушылары дайындаған мазмұнды концерттік бағдарлама аша түсті. Сонымен қатар, арнайы шақырылған Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің білім алушылары да өз өнерлерін ортаға салды.
Болашақ мамандар шығармашылық нөмірлер, сахналық көріністер мен қойылымдар арқылы өз мамандықтарын, кәсіби шеберліктерін және таңдаған жолының құндылықтарын көрсете білді. Әрбір өнер көрсетілімі кез келген еңбектің маңызды әрі құрметке лайық екенін айқын дәлелдеді
Іс-шараның маңыздылығын құрметті қонақтардың қатысуы арттыра түсті:
Басқарма мүшесі, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қалыков А.Қ.,
«Asia Ferroalloys» ЖШС персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры Мэлс А.М.,
«ҚазГидроМедь» ЖШС ғылыми жұмыстар жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы Қорабаев А.С.
Олардың қатысуы жұмысшы мамандықтарды дамыту мен қолдаудың маңызын айқындап, білім алушылар үшін үлкен мотивация мен өнеге болды.
Іс-шара барысында білім алушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Білім алушыларды ынталандыруға қолдау білдірген ата-аналар, Балмочных Николай Викторович пен Хабибулина Зинаида Васильевнның атынан сыйлықтарын колледж директоры Смагулова Нұрбибі Абсадыққызы табыстады.Білім алушыларды қолдау мен жұмысшы мамандықтарды дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.
Білім алушылар мен оқытушыларға белсенді қатысулары, шығармашылық ізденістері және адал еңбек пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
«Адал-адам, адал-еңбек, адал-табыс»
қағидаттары әрбір жастың кәсіби дамуы мен жарқын болашағының берік негізі бола берсін!


