Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Сауле Сагинтаева және Басқарма мүшелері-проректорлар Jas Orda жастар қауымдастығының «Aqniet» жастар қайырымдылық ұйымы жыл сайын ұйымдастыратын «Аяз Атаға хат» атты қайырымдылық акциясына қатысты.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік мекемелердегі, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстау.
Ізгі бастама аясында балалардың арман-тілектерінің орындалуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
