Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Тау-кен факультетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының меңгерушісі болып Тутанова Мируэрт Серикпаевна тағайындалды.
Кафедраның жаңа меңгерушісін ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
Сондай-ақ Елена Николаевна Хмыроваға көпжылғы еңбегі үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың атынан алғыс хат пен Әбілқас Сағыновтың 110 жылдығына арналған төсбелгі табыс етілді.
Мируэрт Серикпаевнаны тағайындалуымен құттықтаймыз және жаңа қызметінде табыс тілейміз.
Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Тау-кен факультетінің «Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру» кафедрасының меңгерушісі болып PhD докторы, қауымдастырылған профессор Имашев Асқар Жанболатұлы тағайындалды.
Жаңа кафедра меңгерушісін ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
Асқар Жанболатұлын тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік пен кәсіби жетістіктер тілейміз.












