ЖИ енгізу, киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелері талқыланды


Saginov Technical University-нің Цифрландыру жөніндегі проректоры, PhD Азамат Амиров тау-кен факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Кездесу барысында жасанды интеллектті білім беру процесіне және ғылыми зерттеулерге енгізу, киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелері қаралды. Оқытушылар мен студенттердің цифрлық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқу курстары мен практикалық зерттеулерде ЖИ құралдарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, AI-Sana бағдарламасының жетістіктері талқыланды. Бұл мемлекеттік бағдарлама университетте жасанды интеллект экожүйесін дамытуға бағытталған. AI-Sana жобасы оқу, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, білім сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектеседі.

Без рубрики