Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы лауазымына PhD докторы, қауымдастырылған профессор Калинин Алексей Анатольевич тағайындалды.
Факультеттің жаңа деканын ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.
А.А. Калининді тағайындалуымен құттықтаймыз және жаңа әрі жауапты лауазымында табыс тілейміз.













