ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ


Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 22-30 желтоқсан аралығында өтеді.

Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тестілеудің өзі 2026 жылғы 10 қаңтар — 10 ақпан аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;

өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);

ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);

шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);

Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;

Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін ПУНКТТІ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.

Мекен жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1-корпус

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ (210, 212-кабинеттер)

(call, w/app): +7 (7212) 56-78-38; 8-700-595-92-59.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ (102-кабинет)

(call, w/app): 8(7212) 56-44-22

 

Без рубрики