STU-де жаңа желілік қауіпсіздік зертханасы ашылды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасында Fortinet желілік қауіпсіздік зертханасы өз жұмысын бастады. Лабораторияны университет ректоры Сауле Сагинтаева салтанатты түрде ашты.

Fortinet – желілік және киберқауіпсіздік саласындағы әлемдік бренд, жетекші компания. «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасында мұндай зертхананың ашылуы студенттердің білімін жетілдіру процесіне айтарлықтай үлес қосады.

Зертхана Fortinet-тің кәсіби жабдықтарымен жабдықталған. Лабораторияның ерекшелігі – әр студенттің жеке стендте жұмыс істеу мүміндігінде. Мұндай формат еліміздегі университеттер арасында бірегей болып табылады. Бұл КарТУ-дің «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Желілік қауіпсіздік», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағдарламалары бойынша білім алушыларға заманауи желілік қорғау технологияларымен жұмыс істеу барысында тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге және корпоративтік деңгейдегі инфрақұрылыммен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Осы семестрден бастап студенттер Fortinet желілік қауіпсіздік зертханасында келесі бағыттар бойынша практикалық білім алуды бастайды: -файрволдар, коммутаторлар және кіру нүктелерін баптау -кибершабуылдардан қорғау әдістері -VPN, IPS, SD-WAN, FortiGuard-пен жұмыс -трафикті талдау және қорғалған желілік архитектураларды құру.

Жаңа зертхана әлемдік компаниялар деңгейіндегі инфрақұрылыммен сенімді жұмыс істей алатын ақпараттық қауіпсіздік мамандарын даярлауда сапалы жаңа практикалық базаға айналмақ.

Без рубрики