ҚарТУ-дың «Студенттер үйі» жатақханасында жоспарлы оқу эвакуациялық жаттығу өтті. Мақсаты – төтенше жағдай кезінде студенттер мен персоналдың әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ автоматты өрт дабылының, дыбыстық хабарлау жүйесінің және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын тексеру.
Жоспар бойынша бірінші қабат дәлізінде өрт дабылы іске қосылып, күзет қызметкерлері қатты түтіннен кейін шартты өртенуді анықтады. Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі адамдарды жатақханадан эвакуациялап, қауіп аймағына бөгде адамдардың кіруіне жол бермеді және эвакуацияланушылардың қозғалысын реттеді.
Санитарлық дружина шартты түрде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті. Өрт сөндіру буыны өрт сөндіргіштерді қолдану тәртібін түсіндірді.
Жаттығу барысында барлық іс-әрекеттер орындалып, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Оған азаматтық қорғау құралымдарының 13 адамы, 3 қызметші персонал, 290 студент және 15 қызметкер қатысты.







