Жыл сайынғы Compliance форум – 2025 Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі кәсіби шаралардың бірі. Форумға бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық сарапшылар және сала мамандары қатысты.
Форум «AI. ESG. Data Protection. Crypto: жауапты әрекет ету уақыты» тақырыбында өтті. Ол жаһандық реттеуші ортаның күрделілігін және тәуекелдерді басқарудағы, сондай-ақ корпоративтік этика саласындағы заманауи тәсілдердің маңыздылығын көрсетті.
Басты назар жылдам дамып келе жатқан, алайда ең осал секторлардың бірі болып табылатын цифрлық қаржы нарығына аударылды. Қатысушылар комплаенсті тиімді енгізу тәжірибелерімен бөлісіп, тәуекелдерді азайтуға көмектесетін цифрлық құралдар мен жаңа технологиялармен танысты.
Форумға ҚарТУ-дың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бас сарапшысы, комплаенс-офицері Гүлден Сейдимбекова қатысты.


