ҚарТУ-да мемлекеттік білім гранты бойынша оқыған түлектермен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында грант бойынша міндетті жұмыс шарттары түсіндіріліп, еңбекке орналастыру мүмкіндіктері, мансаптық өсу жолдары және алынған білімді практикада қолдану мәселелері талқыланды.
Іс-шараға университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бекболат Нүсіпбеков және Мансап орталығының жетекшісі Гүлзат Тусупова қатысты.
Кездесулер тау-кен ісі, сәулет-құрылыс, металлургия және машина жасау, ақпараттық технологиялар, энергетика, автоматтандыру және телекоммуникациялар, сондай-ақ көлік, логистика және инженерлік экономика факультеттерінің түлектерімен өткізілді.









