UI GreenMetric 2025: Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті әлемдік тізімде


UI GreenMetric World University Rankings рейтинг агенттігі GreenMetric-2025 халықаралық университеттер рейтингіcінің нәтижелерін жариялады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті әлемнің 1745 университеттерінің арасында 1278-орынға ие болды. Қазақстан бойынша ҚарТУ 30 ЖОО арасында 18 орында. Өткен жылмен салыстырғанда университет өз нәтижелерін айтарлықтай жақсартты. 2024 жылы ҚарТУ әлемдік рейтингте 1365-орында, ал еліміз бойынша 24-орында тұрған болатын.

Рейтингті құрастыру кезінде 6 категория ескеріледі:

— Инфрақұрылымның тұрақтылығы

— Энергетика және климаттың өзгеруі

— Қалдықтарды басқару

— Су ресурстарын сақтау

— Көлік

— Тұрақты даму саласындағы білім және зерттеулер

ҚарТУ-дың стратегиялық даму бағыттарына сәйкес университет қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға және «жасыл» жобаларды кеңейтуге бағытталған рейтингтегі позициясын ілгерілету жұмыстарын күшейтуде. UI GreenMetric World University Rankings рейтингіне қатысу осы үдерістің маңызды бөлігі болып табылады.

 

Без рубрики