Жасанды интеллект саласындағы халықаралық сарапшы Tech Orda студенттерімен тәжірибе бөлісті


Tech Orda бағдарламасының 4-легінің студенттері жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау саласындағы халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік алды.

Студенттермен өз білімі мен кәсіби тәжірибесін Амир Мосави (Amir Mosavi) — Венгриядағы Обуда университетінің профессоры, Stanford/Elsevier рейтингі бойынша әлемдегі ең ықпалды ғалымдардың үздік 2%-ының қатарына кіретін халықаралық деңгейде танылған зерттеуші бөлісті.

Сарапшы жасанды интеллекттің заманауи даму бағыттарына, оның инженерияда, деректерді талдауда және ғылыми зерттеулерде қолданылуына арналған практикалық воркшоп өткізді. Қатысушылар AI технологияларын пайдаланудың халықаралық тәжірибесімен танысып, оларды практикада қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Tech Orda студенттері үшін әлемдік деңгейдегі ғалыммен кездесу интеллектуалды жүйелерді әзірлеудің заманауи тәсілдерімен, IT саласындағы халықаралық үрдістермен және кәсіби даму мүмкіндіктерімен танысуға жол ашты.

Мұндай іс-шаралар бағдарлама қатысушыларының кәсіби білімін кеңейтуге, жетекші халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға және жасанды интеллект технологияларының нақты мәселелерді шешуде қалай қолданылатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

 

Без рубрики