2025 жылдың 5 желтоқсанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде барлық факультеттер мен Инновациялық технологиялар колледжін біріктірген көптен күткен «STU Talents – 2025» бірінші курс студенттерінің таланттар байқауы өтті!
Іс-шараның қадірменді қонағы:
Ерниязова Айсулу Әлімжанқызы — Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы.
Сонымен қатар, байқауға университеттің проректорлары да қатысып, қолдау көрсетті.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор — Қалықов Абай Қобыландыұлы;
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор — Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы;
Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор — Қанапиянов Тимур Ерболатұлы;
Цифрландыру жөніндегі проректор — Амиров Азамат Жанболатұлы.
Кәсіби қазылар алқасының құрамында:
Платонова Марина Сергеевна — Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымдағы 9 округ депутаты, Қарағанды облысының жеңіл атлетика федерациясының президенті;
Ақаев Заңғар Жанболатұлы — театр және кино әртісі, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері;
Баймағамбетов Думан Дулатұлы — республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты, «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің өңірлік өкілі, вокал студиясының негізін қалаушысы;
Мухатаев Нурлан — «Нурби» үлгілі хореографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Замандас» жобасының жеңімпазы, Қарағанды облысы әкімінің «Жылдың үздік хореографы» сыйлығының иегері.
Байқау қорытындысы бойынша:
- Гран-при — Сәулет-құрылыс факультеті
- 1 орын — Тау-кен факультеті
- 2 орын — Көлік, логистика және инженерлік экономика факультеті
- 3 орын — Инновациялық технологиялар колледжі
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жарқын эмоциялар, талант пен ұмытылмас атмосфера үшін алғысымызды білдіреміз!





















