Колледждің мақтанышы: ұлттық кейс-чемпионатта 3-орын!


🌍Байқауға Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Маңғыстау облыстарынан келген 17 команда қатысып, олардың ішінде 7 үздік команда финалға жолдама алды.

🔹Нәтижесінде, Saginov Technical University Инновациялық технологиялар колледжінің командасы, құрамында 3 курс студенті Галов Максим, жетекшісі — оқытушы Жексембеков Ерлан Тлеукенұлы, III орынды иеленіп, 50 000 теңге көлеміндегі сыйлық сертификатымен марапатталды.

🔹Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі — колледждер арасында өзара тиімді және нәтижелі әріптестікті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды.

 

🔹Осы кейс-стадидің мақсаты – SaryarkaAutoProm LLP негізінде 200 литрлік бочкада бояу мен лак материалдарын араластыруға арналған жаңартылған, автоматтандырылған және техникалық тұрғыдан сенімді құрылғыны әзірлеу болды. Қатысушылар тек инженерлік шешімді ұсынумен шектелмей, есептеулер мен модернизациялау жоспарын дайындап, таңдалған тәсілдің тиімділігін дәлелдеуі тиіс болды.

Без рубрики