23 қазан 2025 жылы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің базасында ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында


🔖«Жастар – шағын кәсіпкерлікке» атты үздік студенттік бизнес-идеялар облыстық байқауы өтті!

 

«Жастар – шағын кәсіпкерлікке» атты үздік студенттік бизнес-идеялардың облыстық байқауы (Республикалық «Мен – кәсіпкермін» онлайн Гранд турнирінің аймақтық кезеңі) өтті.

 

🔹Іс-шараның шымылдығын Қарағанды облыстық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының оркестрі ашып, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

📍Байқаудың мақсаты – жастардың кәсіпкерлік қабілетін дамыту, инновациялық ойлау дағдыларын жетілдіру және студенттерді өз ісін бастауға ынталандыру.

 

🗣️Байқау барысында Инновациялық технологиялар колледжінің директоры

Смағұлова Нұрбиби Абсадыққызы және «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жастардың бизнес саласындағы белсенділігі мен шығармашылығын жоғары бағалады.

 

Әділ қазылар алқасы келесі құрамда байқау қатысушыларын бағалап, жеңімпаздарды анықтады:

🔸Бидайбаева Алмагүл Серіковна – «Respublica» партиясының «Women Respublica» әйелдер қанатының мүшесі, жеке кәсіпкер;

🔸Бектұрсынова Жанар Қайырғалиевна – Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің 1-санатты сарапшысы;

🔸Серікбай Кәлима Серікбайқызы – “ENACTUS World Cup” Ұлттық чемпионатының финалисті, жеке кәсіпкер;

🔸Магрупова Зульфия Мазгаровна – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» «Экономика және кәсіпорын менеджменті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), экономика ғылымдарының кандидаты.

 

🙌Үздік деп танылған студенттер облыс намысын республикалық кезеңде қорғайтын болады. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен тың идеялары үшін алғыс білдіреміз!👍

Без рубрики