🎙 Колледж директоры Смағұлова Нұрбибі Абсадыққызы студенттердің мамандық таңдауының маңыздылығын атап өтіп, оқу озаттарына арналған гранттар мен стипендиялар жайлы айтты.
📘 Кездесу барысында жаңа оқу жылының басталуы, студенттердің бейімделуі, ішкі тәртіп ережелері және өндірістік тәжірибе туралы ақпарат берілді.
💬 Ата-аналармен блиц-сауалнама өткізіліп, студенттер өз өнерлерін паш етті — ән айтып, өлең оқып, тамаша көңіл күй сыйлады.
🌟 Іс-шара жылы атмосферада өтті, ата-аналар мен ұстаздар жағымды әсер алып, керемет көңіл күймен тарқасты. ❤️



