01.10.2025 күні колледжімізде «Труд во благо будущего: уроки ветеранов» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Құрметті қонақтар, Смағұлова Нұрбибі Абсадыққызы мен Квитко Елена Михайловна өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, еңбектің адам және қоғам үшін маңызын айтып берді.
Олардың әңгімелері жас ұрпаққа үлгі болып, табандылық пен адалдық әрқашан жетістікке жеткізетінін көрсетті.
Ақыл-кеңестері мен жылы лебіздері үшін алғыс білдіреміз.
Бұл кездесу бізге шабыт сыйлап, болашақ өткен буынның еңбегіне негізделетінін еске салды.

