2025 жылғы 1 қазан күні, Greu Plaza бизнес-орталығында «Ең маңызды мамандық – ҰСТАЗ!» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушысы – Respublica партиясы филиалының Әйелдер қанатының төрайымы Камали Жибек Камалиевна.


🤝 Іс-шараға ұстаздар, іскер әйелдер, коучтар және түрлі салалардың өкілдері қатысты. Ұстаздарға арналған шынайы да жылы сөздер айтылды.

🏅 Respublica партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Аубакиров Н.Е. атынан алғыс хаттар «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің педагогтарына табысталды:

📌 оқу бөлімінің меңгерушісі Молдабекова Г.К.,

📌 оқытушылар Ванфутян Л.С., Макажанова М.С., Аккушкарова А.С.

🎓 Іс-шараға колледж директоры Смағұлова Н.А. да қатысты.

💐 Бұл ұстаздық еңбектің маңыздылығын және педагогтардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі зор үлесін мойындау болып табылады.

💬 Колледж педагогтары көрсетілген ықылас пен еңбектеріне берілген жоғары баға үшін ризашылықтарын білдірді.

Без рубрики