✨ Арнайы шақыртумен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің КОРМПИ-11/24-2 тобы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты тағылымды кездесуге қатысты.
👷♀️ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған бұл шарада еңбек ардагерлері өздерінің өмір жолдары, еңбекке деген адалдығы мен мамандық қадірі жайлы жүрекжарды әңгімелерімен бөлісті. Студенттер үшін бұл кездесу – тек әңгіме емес, нағыз өмірлік сабақ болды.
📖 Сондай-ақ, кітапхана қабырғасында колледж директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковнаның «Жұмысшы мамандықтарына сұраныс әрқашан жоғары» атты мақаласы талқыланды. Мақалада жұмысшы мамандығының қоғамдағы орны мен маңыздылығы кеңінен ашылып, жастарды еңбекке баулудың мәні ерекше аталып өтті. Бұл студенттерге ой салып қана қоймай, олардың таңдаған саласына деген сенімін күшейтті.
🤝 Жылы жүзбен қарсы алып, тағылымды сұхбат құрғаны үшін кітапхана ұжымына және еңбек ардагерлеріне зор алғыс білдіреміз!
👩🏫 Жетекші: КОРМПИ-11/24-2 тобының кураторы Таттымбетова Э.Т.



