Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде бірінші курс студенттері арасында «STU VIBE» атты тимбилдинг-квест өтті.


🔹 Бұл шараны «Жас Орда» жастар бірлестігі ұйымдастырды. Оған біздің Инновациялық технологиялар колледжінің білім алушылары да белсенді түрде қатысып, өздерін жоғары деңгейде көрсетті.

 

🎯 Квесттің мақсаты — студенттердің бейімделуіне қолдау көрсету, командалық жұмыс, көшбасшылық пен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

 

📊 Нәтижелер:

— КИТ-1 командасы Алғыс хатпен марапатталды

— КИТ-2 командасы 3-орынға ие болды

 

💬 Колледж әкімшілігі барлық қатысушыларға, кураторларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді. Мұндай іс-шаралар студенттер арасында өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Без рубрики