Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай аймақтық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті


ҚарТУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Оян, қазақ!» – ар-намысы Алаштың» аймақтық ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – Міржақып Дулатовтың шығармашылығы мен қоғамдық қызметін насихаттау, «Алаш» идеяларын жастарға жеткізу және ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттыру. Ұйымдастырушы әрі модераторлары – «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі м.а., г.ғ.м., Ш.М. Теміржанова және п.ғ.м., аға оқытушы З.Н. Нурлигенова.

Дөңгелек үстел барысында ҚарТУ ақпараттық технологиялар факультетінің деканы А.А. Калинин, ҚарҰЗ университеті Тарих факультетінің деканы Ж.М. Кенжеғали, Қарағанды облысы джиу-джитсу федерациясының мүшесі А.Е. Шермағанбетов, «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің оқытушысы Г.К. Шайжанова (Балқаш қаласы), ҚарҰЗ университеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Б.М. Алиева сөз сөйлеп, М.Дулатовтың ұлттық сананы оятудағы еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.С. Қасымова шараның маңыздылығына тоқталып, М.Дулатовтың шығармашылық мұрасы мен азаматтық көзқарасы XX ғасыр басындағы ұлттық сана мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына зор ықпал еткенін айтты.

Шараға СИБ-25-5 тобының 30 студенті белсенді қатысып, пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында кафедра доценттері, философия ғылымдарының кандидаттары К.А. Темирғалиев пен Нұғман Б.Ғ. қатысушыларға алғыс білдіріп, Дулатовтың жазушы, публицист, педагог және «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткері ретінде мұрасының бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті. Шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Без рубрики