Saginov Technical University-де Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сыртқы эксперттік комиссиясы өз жұмысын бастады


17–19 қараша аралығында Saginov Technical University-де Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) сыртқы эксперттік комиссиясы (СЭК) жұмыс жүргізуде. Институционалды аккредиттеу аясында сарапшылар университеттің жоғары білім сапасының бекітілген стандарттарына сәйкестігін бағалайды.

Аккредиттеудің бірінші күнінде IAAR өкілдері Saginov Technical University Басқарма Төрағасы – Ректор С. Сагинтаевамен, Басқарма мүшелері – Проректорлармен, құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, оқытушылар және студенттермен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында комиссия мүшелеріне университеттің инфрақұрылымы таныстырылып, оқытушылар мен студенттер арасында сауалнама жүргізілді.

Алда СЭК жұмысының екі қарқынды күні бар. Комиссия мүшелері студенттердің сабақтарына қатысып, өндірістік практикалардың базаларына таңдамалы түрде барады, сондай-ақ жұмыс берушілермен және түлектермен кездеседі.

Оқиғаларды алдын ала болжап, асығыстық жасамаймыз, бірақ комиссияның алғашқы әсері мен ізгі ықыласы үміттендіреді. Университеттің көрсететін де, мақтан тұтатын да жетістіктері көп.

Без рубрики