Құрметті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері!


Сіздерді Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Студенттік өмір – арманға апарар алғашқы қадам жасалатын, жаңа мүмкіндіктер мен тың белестер ашылатын ерекше кезең. Бүгінде университет қабырғасында алған біліміңіз бен жинаған тәжірибеңіз – еліміздің ертеңіне қосылып жатқан бағалы үлес.

Сіздердің ғылыми зерттеулеріңіз, халықаралық жарыстардағы жетістіктеріңіз, спорттық және шығармашылық жеңістеріңіз университетіміздің абыройын өсіріп, беделін арттырып келеді. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз!

Бұл мереке күні сіздерге мол шабыт, жаңа идеялар және жарқын мүмкіндіктер тілейміз. Армандарыңызға батыл қадам жасап, ең биік жетістіктерге жете беріңіздер.

Студенттік шақ – өмірдің ең жарқын шағы. Оны мазмұнды, көңілді және нәтижелі өткізу – өз қолдарыңызда. Қалыптасып келе жатқан тұлғаларыңызға университетіміз әрдайым сенім артады!

Без рубрики