Н.Э. Бауман атындағы МГТУ Қосымша білім орталығы Қарағанды техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерін білім беру стажировкаларына қатысуға, сондай-ақ қатысушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қалауларына сәйкес жеке стажировка бағдарламасын әзірлеуге шақырады.
Орталық келесі бағыттар бойынша стажировкаларды ұйымдастырады:
• Бағдарламалау және IT, деректерді талдау және жасанды интеллект;
• Ұйымдастыру, жобаларды басқару, логистика және халықаралық экономикалық қатынастар;
• Қаржы және бухгалтерлік есеп, кадрлық басқару және адам ресурстары;
• САПР және инженерлік бағдарламалық қамтамасыз ету;
• Зияткерлік меншік басқару;
• Инженерлік және техникалық бағыттар, т.б.
Стажировкалардың форматы: онлайн, дәстүрлі, қашықтықтан және аралас.
Оқыту нәтижесі бойынша қатысушыларға МГТУ-дың біліктілікті арттыру туралы куәлігі немесе кәсіби қайта даярлау дипломы беріледі. Құжаттар туралы мәліметтер Білім және (немесе) біліктілік құжаттары туралы Федералдық деректер реестріне (ФИС ФРДО) енгізіледі.
Стажировкаларды ұйымдастыру мәселелері бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 241 кабинет, басты корпус
Тел.: +7 (7212) 56-51-97 (ішкі 2048)
Email: exchange.center@ktu.edu.kz