Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде цифрлық сауаттылықты арттыру және білім беру процесінде академиялық адалдықты дамыту мақсатында Кәсіби даму орталығы ұйымдастырған практикалық бағыттағы воркшоп курсы өз жұмысын бастады. Курс «Білім беру үдерісіне жасанды интеллектті енгізу және пайдалану: мүмкіндіктері, тәуекелдері және халықаралық тәжірибе» тақырыбында өтуде.
Бағдарлама 12–22 қараша аралығында, 72 сағат көлемінде аралас форматта өтеді. Оған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері қатыса алады.
Курс аясында тыңдаушыларға Plagiat.Pl компаниясының бизнес-даму жөніндегі менеджері Акмарал Кужиева дәріс оқып, академиялық және цифрлық компетенттілік саласындағы зерттеулердің негізгі тенденциялары, олардың электронды оқыту контекстіндегі құрылымдық өзара байланысының ерекшеліктері мен маңыздылығымен таныстырды.
Цифрлық сауаттылық — бұл қауіпсіз және тиімді түрде сандық технологиялар мен интернет ресурстарын пайдалану үшін қажетті білім мен дағдылар жиынтығы болып табылады және әлемдік күн тәртібіндегі маңызды бағыт болып саналады.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға жеке сертификаттар беріледі.



