Қалдықтармен жұмыс істеудің тұрақты дамуы және ресурс үнемдеу принциптері саласындағы біліктілікті арттыру курстары


QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі аясында инженерлер, техниктер және өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандары үшін біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.

Қалдықтармен жұмыс істеудің тұрақты даму және ресурс үнемдеу принциптері мәселелерін зерделеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді жаңартуға және практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.

Курс мақсаты: инженерлік-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өнеркәсіпті технологиялық трансформациялау жағдайында тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттерді дамыту.

Оқу ұзақтығы: 72 академиялық сағат.

Өту кезеңі: 2025 жылғы 1–12 желтоқсан.

Оқу тілі: орысша.

Оқу формасы: күндізгі (практикалық сабақтар мен кейс-талдау элементтерімен).

Тақырыптар:

— өндірістік қызмет процесінде табиғатты пайдалану;

— табиғатты қауіпсіз және тұрақты пайдалану стратегиялары, қалдықтары аз өндіріс;

— табиғатты қауіпсіз және тұрақты пайдалану стратегиялары;

— қалдықтарды басқару;

— қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық технологиялар.

Курс тренерлері: PhD, қауымдастырылған профессор Елена Цешковская; т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Наталья Цой; аға оқытушы Арайлым Ауелбекова («Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология» кафедрасы)..

Тіркелу: qartech.kstu.kz (26.11.2025 ж. сағат 13:00 дейін)

Жауапты үйлестіруші: Нурлан Алтынбеков, +7 777 215 4380

 Программа Цешковская

#QarTech #QarTechHub

 

Без рубрики