QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі аясында инженерлер, техниктер және өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандары үшін біліктілікті арттыру курсы өткізіледі.
Термиялық өңдеудің негізгі технологиялық процестерін зерттеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді жаңартуға және практикалық дағдыларды игеруге бағытталған.
Курс мақсаты: инженерлік-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру және өнеркәсіпті технологиялық трансформациялау жағдайында тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттерді дамыту.
Оқу ұзақтығы: 72 академиялық сағат.
Өту кезеңі: 2025 жылғы 1–12 желтоқсан.
Оқу тілі: орысша.
Оқу формасы: күндізгі (практикалық сабақтар мен кейс-талдау элементтерімен).
Тақырыптар:
— термиялық өңдеудің негізгі технологиялық процестері;
— беткі қатаю;
— болатты химиялық-термиялық өңдеу;
— металлургия зауыттарындағы термиялық өңдеу технологиясы;
— машина жасау зауыттарындағы термиялық өңдеу технологиясы;
— аспаптық және штамптық цехтарда термиялық өңдеу технологиясы;
— жылу цехтарының жабдықтары.
Курс тренері: «Металлургия және жаңа материалдар» кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Тулегенова.
Тіркелу: qartech.kstu.kz (26.11.2025 ж. сағат 13:00 дейін)
Жауапты үйлестіруші: Нурлан Алтынбеков, +7 777 215 4380
#QarTech #QarTechHub