Инновациялар және ТДМ синергиясы: QarTech эксперттік семинары


6 қарашада Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында ұйымдастырылған «Инновациялар және ТДМ: ұлттық және халықаралық басымдылықтарға сәйкестік» тақырыбында эксперттік семинар өтті.

Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев кіріспе сөз сөйлеп, өңірдің ғылыми-технологиялық дамуына инновацияларды ілгерілету мен тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) интеграциялаудың маңыздылығын, сондай-ақ ұлттық бастамаларды халықаралық трендтермен сәйкестендіру қажеттігін атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі.

Семинар спикерлері:

Ирина Харитонова – креативті экономика және тұрақты даму саласындағы сарапшы, UNESCO бастамаларының өкілі, Creative & Innovation Institute Орталық Азияның тұрақты даму қорының директоры.

Александра Харитонова – тұрақты даму және ESG сарапшысы, циркулярлы  экономика жөніндегі кеңесші, AHK Germany бағдарламасының түлегі, Creative & Innovation Institute білім беру және экологиялық бастамалардың үйлестірушісі.

Қатысушылар тұрақтылыққа, цифрландыруға, жасыл экономикаға байланысты өзекті бағыттарға, сондай-ақ жобаларды халықаралық инновациялық кеңістікке интеграциялау құралдарымен танысты. Практикалық бөлім командалық жұмыс форматында өтті: бес топ өздерінің жобалық тұжырымдамаларын әзірледі және сарапшылардан жеке ұсыныстар алды.

Семинар 25-тен астам қатысушыны жинады: оқытушылар, зерттеушілер, студенттер, өнеркәсіптік компаниялардың өкілдері және жас стартаперлер, тұрақты даму және өңірлік  инновациялар тақырыптарына қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

#QarTech #QarTechHub

Без рубрики