«Атом энергетикасы үшін кадрлар даярлау: сын-қатерлер мен перспективалары» атты дөңгелек үстел


5 қараша күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Атом энергетикасы үшін кадрлар даярлау: сын-қатерлер мен перспективалары» тақырыбына арналған республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласының өкілдері, жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен өндіріс саласының мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан Республикасының атом энергетикасының дамушы саласы үшін инженерлік және техникалық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ білім беру мекемелері, ғылыми ұйымдар мен энергетикалық сектор кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттарын айқындау.

Экономиканы әртараптандыру және «жасыл» трансформация саясаты аясында атом энергетикасы үшін білікті кадрлық әлеуетті қалыптастыру ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңда ғылым, білім және өндіріс күштерін біріктіру арқылы ядролық және радиациялық қауіпсіздік, цифрлық басқару жүйелері мен заманауи технологиялар саласында терең білімге ие мамандарды даярлау аса өзекті мәселе.

Дөңгелек үстелдің модераторы – факультет деканы, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Булатбаев Феликс Назымович болды.

Алғы сөзді Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасының басшысы Кудретуллаева Рысгуль, сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Сағынтаева айтты.

Бағдарлама аясында қатысушылар ядролық және радиациялық қауіпсіздік, инженерлік және цифрлық кадрларды даярлау, сондай-ақ жас ғалымдарды осы салаға тарту мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар ядролық энергетика бағытында жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті және университеттер мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізді.

 

Без рубрики