STU Инновациялық технологиялар колледжінің командасы Республикалық кейс-чемпионатта III орын иеленді


2025 жылдың 29–31 қазан аралығында Allur автомобиль компаниясының «СарыарқаАвтоПром» ЖШС базасында машина жасау саласындағы өнеркәсіптік технологиялар мен инновациялар бойынша Республикалық кейс-чемпионат өтті.

Чемпионаттың мақсаты – «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорны базасында 200 литрлік бөшкеде лак-бояу материалдарын араластыруға арналған автоматтандырылған техникалық құрылғыны жаңғырту жобасын әзірлеу болды.

Байқауға Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Маңғыстау облыстарынан келген 17 команда қатысып, олардың ішінде 7 үздік команда финалға жолдама алды.

Нәтижесінде, Saginov Technical University Инновациялық технологиялар колледжінің командасы, құрамында 3 курс студенті Галов Максим, жетекшісі — оқытушы Жексембеков Ерлан Тлеукенұлы, III орынды иеленіп, 50 000 теңге көлеміндегі сыйлық сертификатымен марапатталды.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі — колледждер арасында өзара тиімді және нәтижелі әріптестікті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды.

Без рубрики