Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұжымы атынан Сізді Президенттік жастар кадрлық резервіне өткеніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – Сіздің жоғары кәсіби біліктілігіңіздің, көшбасшылық қасиеттеріңіздің және ел дамуына қосқан еңбегіңіздің жарқын дәлелі.
Сізге алдағы қызметіңізде толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Еліміздің өркендеуіне бағытталған бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!
Ізгі тілекпен,
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұжымы