QarTech Инкубаторы басталды!


QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабында технологиялық стартаптардың инкубациялық бағдарламасына қатысушылардың кіріспе сессиясы және алғашқы бетпе-бет кездесуі өтті.

Бағдарламаға қатысуға 40-тан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 16 перспективалы команда келесі бағыттар бойынша идеялармен іріктелді:

− тау-кен өнеркәсібі және металлургия,

− көмір химиясы және жаңа материалдар,

− индустрия 4.0 және автоматтандыру,

− экология және қалдықтарды басқару.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Али Мехтиев құттықтау сөз сөйлеп, технологиялық кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын және QarTech алаңының инновациялық бастамаларды қолдаудағы рөлін атап өтті.

Бағдарлама үйлестірушілері қатысушыларды инкубатор құрылымы, сабақ күнтізбесі және алдағы әрекеттермен таныстырды.

Алда командаларды қарқынды жұмыс күтіп тұр, соның ішінде оқыту, практикалық сессиялар, тәлімгерлік қолдау және трекинг. Бағадарлама Demo Day-мен аяқталады, онда үздік жобалар 2 500 000 теңге жүлде қоры үшін бақ сынасатын болады.

Біздің жаңалықтарымыздан қапы қалмаңыздар – әрі қарай одан да қызықты

болады!

 

 

 

Без рубрики