AI-Sana форумы: интеллектуалды Қазақстанның болашағын қалыптастырады


Бүгін, Астанада «Қазақстан – академиялық білім кеңістігі» атты Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өз жұмысын бастады. Іс-шара жоғары оқу орындары ректорларының, аккредитациялық агенттіктер өкілдерінің, сондай-ақ шетелдік университеттердің филиалдарының басын қосты. Форум жоғары білім мен ғылым саласындағы жаһандық үрдістерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған негізгі алаңға айналды.

Форум аясында өткен AI-Sana Ceremony іс-шарасы цифрлық құзыреттерді дамыту мен жасанды интеллект технологияларын білім беру жүйесіне енгізуге бағытталды. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті көмекшісі Куанышбек Есекеев, Стэнфорд университетінің профессоры, Дүниежүзілік банк жанындағы Халықаралық сараптамалық кеңестің төрағасы Пол Ким, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Сауле Сагинтаева мен проректорлар және құрылымдық бөлім қызметкерлері қатысуда.

Форум аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жасанды интеллект және адамға бағытталған технологиялар саласында үш инновациялық жоба ұсынды:

* NomadSmart – интеллектуалды клиенттік сервистер экожүйесі;

* Nova Career – мансаптық даму мен кәсіби бағдарлауға арналған AI-платформа;

* HR.Geon – HR-процестердегі мотивация, тиімділік және тәуекелдерді болжауға арналған AI-шешім.

Университет үшін ерекше мақтаныш – Nova Geon жобасы AI-Sana Leaders ұлттық бағдарламасы аясында «Үздік салалық AI-жоба» атылымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Аталған шешім ірі компанияларда енгізіліп, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеп шыққан. Сондай-ақ, NomadSmart және HR.Geon жобалары бизнес үдерістердің сапасы мен персоналды басқару тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Көрме барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Ұсынылған шешімдер форум қатысушылары мен көрме қонақтарының зор қызығушылығын тудырып, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы жоғары әлеуетін айқын көрсетті.

Без рубрики