Іріктеу турының қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология» кафедрасының профессоры С. Кудрявцев 12-26 қазан аралығында Бейжің қаласында (ҚХР) біліктілікті арттыру курстарында оқыды. «Дамушы елдердің өнеркәсіптік және тау-кен кәсіпорындары үшін еңбекті қорғау саласындағы озық технологиялар жөніндегі халықаралық тренинг-бағдарламасы» («International Training Program on Advanced Occupational Safety and Health Technologies for Industrial and Mining Enterprises in Developing Countries») ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің қолдауымен Қытай ғылым және қауіпсіздік технологиялары академиясы ұйымдастырды.
Дәріс оқуға ҚХР білім беру және ғылыми ұйымдарының жетекші оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ Дүниежүзілік еңбек ұйымының сарапшылары шақырылды. Курс бағдарламасы, сонымен қатар, Қытайдың мәдени мұрасы мен қоғамдық өмірін зерттеуге бағытталған іс-шараларды қамтыды, бұл ұжымның ресми және бейресми жағдайда бірігуіне ерекше ықпал етті.
Оқу қорытындысы бойынша профессор С. Кудрявцев емтиханды сәтті тапсырып, сертификат алып шықты.
 
				

