Saginov Technical University-де Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Маркетинг және PR департаменті директорының міндетін атқарушы Айтбаев Нұрлан Берікұлы 2024-2025 оқу жылындағы Маркетинг және PR департаменті жылдық есебі және 2025-2026 оқу жылына арналған перспективалары туралы баяндама жасады. Нәтижесінде атқарылған жұмыстар нәтижесі қанағаттанарлық деп танылды.

Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Сулеев Бахтияр Даниярұлының баяндамасы бойынша магистранттардың ғылыми жетекшілерін, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін және магистранттардың диссертациялық зерттеу тақырыптары бекітілді.

Сонымен қатар, Ғылыми кеңестің отырысы барысында университет ректоры бірқатар студенттер мен олардың жетекшілерін жоғары нәтижелері мен жетістіктері үшін алғыс хаттармен марапаттады.

  • «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының студенті Халил Каландаров — Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өткен 40 елдің өкілдері қатысқан V Халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасында «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша жүлделі орын алғаны үшін ректордың алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ студентті жарысқа сапалы дайындап, жоғары деңгейде тәлімгерлік көрсеткені үшін оның ғылыми жетекшісі Леонтьева Анастасия Михайловна алғыс хатпен марапатталды.
  • «Киберқауіпсіздік және жасанды интеллект» кафедрасының СИБ-23-1 тобының студенттері — «Qostanai AgroTech Hackathon 2025» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, факультет командасы жүлделі орын мен 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болғаны үшін ректордың алғыс хаттарымен марапатталды. Студенттерге сапалы жетекшілік жасап, жобаны сәтті дайындағаны үшін топ жетекшісі Сайлауқызы Жұлдыз та ректордың алғыс хатын алды.
  • ИС-25-3 тобының студенті Владислав Бондарев — Терриконды алқабында өткен GameDev Hackathon байқауында I орынды иеленіп, шығармашылық және кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін ректордың алғыс хатымен марапатталды. Оның жетекшісі Айгерім Нұртайқызы студентті сапалы дайындап, жобаны табысты басқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Без рубрики