Профессорлар қатары жаңа есіммен толықты


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешіміне және 2025 жылғы 26 тамыздағы №1494 бұйрығына сәйкес техника ғылымдарының кандидаты, «Жер туралы және қоршаған орта ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша Медеубаев Нұрмұхамбет Алмағамбетұлына профессор ғылыми атағы берілді.

Құрметті Нұрмұхамбет Алмағамбетұлы!

Сізді ғылым саласындағы жоғары жетістігіңізбен және профессор ғылыми атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қажырлы еңбегіңіз бен ғылыми-педагогикалық қызметіңіз жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің ғылымын дамыту ісіне зор үлес қосып келеді. Сізге мықты денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз!

Без рубрики